Бейнеуде сүт зауыты іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейнеуде сүт зауыты іске қосылды

14.04.2022

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында сүт өнімдерін шығартын зауыт іске қосылды. Кәсіпорын тәулігіне 5 тонна өнім өндіреді. Мамыр айынан бастап оны 15 тоннаға жеткізу көзделген. Айта кететін жайт ауданда бұдан өзге өндіріс ошағы жоқ. Сондықтан зауытқа жұмыссыздар кезегінде тұрған мамандар қабылдануда. 

Сүт зауытының ашылуы аудан тұрғындары үшін жағымды жаңалық болды. Бірі, жергілікті өнімге қол жеткізіп қуанса, енді бірі жұмыс тапты. Қазірдің өзінде зкәсіпорында бейнеулік 27 тұрғын жұмыс істейді. Мұрат Темірханов солардың бірі. Жас маман өнімнің құрамы мен өндіру процесіне жауапты.

Мұрат Темірханов, Бейнеу ауылының тұрғыны:
Биотехнолог мамандығын бітіріп, 2020 жылы ауылға келдім. Келгенде қорықтым жұмыс табыла ма табылмай ма, мен жас маман болсам да тәжірибем жоқ болса да жұмысқа алды. 

Зауытта қазір айран, қаймақ, сүзбе және шалап өндіріледі. Алдағы уақытта өнімді түрлендіру жоспарда бар. Ол үшін қосымша цехтар салынып, қондырғылар алынды. Кәсіпорын басшылығы бизнесті дамыту үшін, мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдетілген несие алған.

Ауданда сүт өнімдеріне сұраныс жоғары. Одан бөлек тауар Ақтау мен көрші Атырау қаласына да тасымалданады. Сондықтан кәсіпорын басшылығы келесі айда зауытты толық іске қосып, тағы 20 шақты адамды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу