Түркістан облысы, Отырар ауданында мемлекеттік балабақшаға кеткен бүлдіршін қатты соққы алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысы, Отырар ауданында мемлекеттік балабақшаға кеткен бүлдіршін қатты соққы алған

13.04.2022

Түркістан облысы, Отырар ауданында мемлекеттік балабақшаға кеткен бүлдіршін ауыр дене жарақатымен ауруханадан бір-ақ шықты. Бір жастан енді ғана асқан баланы ата-анасы таңғы сағат сегізде мекеменің арнайы тасымал көлігіне салып жібергенін айтады. Алайда арада үш сағат өткен соң оған балабақша тәрбиешілері хабарласып, бала жәй құлап қалды деп жеткізіпті. Таңғы сағат тоғызда жарақат алған бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына тек кешкі алтыда жеткізілген. Оған тез арада ота жасалып, сынған жамбасына темір салынған. Қазір дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалауда. Ал, баланың ата-анасы балабақшаның басшылығы мен тәрбиешілерін де, көлік жүргізушісін де сотқа беремін деп бекініп отыр. Бұл жағдайдан ауандық білім бөліміндегілер де хабардар болып шықты.

Жанат Мұсатаева, Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы:
Балабақша тәрбиеленушілерін тасымалдайтын «фольсфаген опель» маркалы жеңіл автокөлігінен түсіп, өз тәрбиешісіне қарай жүгіріген кезде тасқа сүрініп құлаған. Отырар аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы балабақша меңгерушісінің тәрбиешілерінің өздерінің несі жауапкершілікке тартылатын болады.

Айнұр Ақбаева  

Хабарламаларға жазылу