Экологтар Ақтауда ауаның құрамын тексеруге кірісті
Ақтауда экологтар ауаның құрамын тексеруге кірісті. Қала мен оның маңындағы елді-мекендерден сынама алынған. Күндізгі жаңалықтарымызда шаһар тұрғындары жағымсыз иіске тұншыға жаздағанын айтқан болатынбыз. Куәгерлер даланы бір мезетте тұман секілді ақ түтек басып, күйіктің исі шыққанын айтады. Ресми мәлімет бойынша кеше түнгі 2-лерде Ақтауға солтүстік-батыстан яғни, болжам бойынша Каспий теңізі жағынан күйіктің иісі келген. Қазгидрометтің хабарлауынша, сол уақытта 2 бірдей станцияда ауаның құрамындағы күкіртсутектің шамадан тыс асқаны анықталды.
Гүлім Ұлықпанова, Маңғыстау облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:
Зертханалық талдамалық бақылау бөлімінің мамандары қазіргі таңда жедел, шұғыл ұйымдастырып, жұмыстар жүргізілуде. Көрші мемлекеттерде Ресей, Дағыстан, Волгоград, Краснодарь, Астрахан облыстарында өрттің болып жатқаны нақты ақпараттардан белгілі. Одан да болуы мүмкін деген болжам болжам бар.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01