Нобель лауреаттары қатысқан форум басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нобель лауреаттары қатысқан форум басталды

12.04.2022

Елордада Нобель фест форумы өтіп жатыр. Төрт күндік шараға 155 жоғары оқу орны мен 300 мыңдай адам қатысады. Оның жұмысына Нобель сыйлығының 5 лауреаты мен зерттеушілер, инноваторлар қатысады. Бұл шара біздің елден бөлек Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Қытай, Сауд Арабиясында да өтіп жатыр. Оған қатысқан белді ғалымдар мен сарапшылар қаржы, медицина, ауыл шаруашылық, технология және тағы да басқа бағыттарда келелі мәселелерді қаузамақ. Бүгін Әлем бейбітшілігі тақырыбына арналған форумның жұмысында Нобель сыйлығының лауреаты Жозе Мануэль Баррозу алғашқы болып сөз алды. Алдағы үш күнде пандемиядан кейінгі нарықтағы жаңа өзгерістер, цифрлық технология заманындағы метакеңістік, виртуалды әлем туралы да ауқымды талқылау болмақ. 


Ламбриан

Хабарламаларға жазылу