Түркістан облысының тұрғыны қолдан жасалған долларды сатпақ болған
Түркістан облысының тұрғыны жалған ақшаны сатып жатқан жерінде қолға түсті. Ол қанша соманы қолдан жасаған және кімге өткізбек болған?
Айнұр Ақбаева, тілші:
Түркістан облысының тұрғыны 100 долларлық банкноттарды сатқысы келген. Қолындағы ақшаның толық соммасы 9 300 долларды құраған. Алайда оның жалған купюраларды саудалап, табысқа кенелемін деген арам ойы іске аспай қалды. Күдіктіні Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері қолға түсірген. Қазір ол Қылмыстық кодексінің 231-бабы бойынша көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу шаралары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеудің құпиялылығына байланысты жария етілмейді.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06