Алматы облысында бес жасар баладан менингит анықталды
Алматы облысында бес жасар баладан менингит анықталды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, жұқпалы ауру Талғар қаласында тіркелген. 7 сәуір күні 2017 жылы туған қыз бала Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр халде жеткізілген. Бүлдіршін екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, беті бері қарады. Қазір жағдайы жақсы дейді дәрігерлер. Менингококк инфекциясының тіркелгені туралы облыстың санитар дәрігерлері де растап отыр. Баланың жақындары мен ол баратын балабақшаның қызметкерлері және тәрбиеленушілері бақылауға алынды.
Әлия Ғалымжанқызы, Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі:
Бөлім мамандары науқастың ауру ошағы болуы мүмкін тұрғылықты жері мен балабақшада эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіп жатыр. Барлығы ЛОР дәрігеріне қаралды, бактериологиялық тексеруден өтті, зерттеу нәтижесі тексеріліп жатыр. Антибиотикалық профилактика тағайындалды. Байланыстағы адамдар дәрігерлердің бақылауына алынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18
БҚО-да 293 шақырым тасжол жөнделіп жатыр
24.09.2026, 20:16
AI-хакатон қатысушылар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты
24.09.2026, 20:14