Павлодарда 11 тоннадан астам есірткі өртелді
Полицияның мәліметіне қарағанда, оның жалпы құны 23 млн теңге. Биылғы жылғы есірткі саудасын бизнеске айналдырғандарға қатысты 22 қылмыстық іс тергеліп, сотқа жіберілген.
Айта кету керек, аса ауыр қылмысқа жастардың да қатысы бар екендігі анықталды. Олар көбіне синтетикалық есірткіні саудалайды. Мәселен, жақында 22 жастағы бойжеткен ұсталды. Ол облыс орталығындағы жоғары оқу орындары бірінің студенті.
Сәния Ахметжанова, Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі:
Күдікті есірткі сатумен айналысатын интернет дүкенде жарты жылға жуық уақыт жұмыс істеген. Бойжеткен «Telegram» қосымшасы арқылы күніне 35 мың теңгеге дейін жоғары еңбек ақы тапқан. Бір пәтерді жалға алып, ол жерде психотроптық заттардың үлкен партияларын бөлшектеп қаланың әртүрлі бөлігіне таратқан.
Қостанайда да 200 келіден астам есірткі жойылды. Бұл шараға колледж студенттері куә болды. «Жастар осы бастан есірткінің аса зиянды, әрі қауіпті екенін білуі керек», – дейді жергілікті полиция өкілдері.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қымызмұрындық–2026»: Дәстүрлі шараға 35 мыңға жуық адам қатысты
28.06.2026, 21:03
Аптап ыстық: Күннің қызуы тері обырын тудыруы мүмкін бе?
28.06.2026, 20:05
Психологтарға қойылатын талап қатаңдайды: Жаңа ереже нені өзгертеді?
28.06.2026, 20:04
Педагогикалық мамандыққа түсушілерге талап күшейеді
28.06.2026, 20:02
Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану көлемі 648 млрд теңгеге жеткен
28.06.2026, 19:58
Еуропа Кеңесі Қазақстандағы реформаларды қолдады
28.06.2026, 19:52
Қазақстан мен Еуропалық Одақ: Не береміз, не аламыз?
28.06.2026, 19:50
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
28.06.2026, 12:18