«Қазақстан Барысы» палуандары салмақ өлшейді

26.06.2014
«Қазақстан Барысы» палуандары салмақ өлшейді
Ертең, 27 маусымда сағат 19:00-де  Астанадағы «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында «Қазақстан Барысының» финалдық сынына қатысатын палуандардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
 
Айта кетейік, «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің финалдық бәсекесі жексенбі, 29 маусымда елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.
 
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы бұл жарысты тікелей эфирде көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 13:00-де басталады.
 
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда «Қазақстан Барысы» атағын Шығыс Қазақстан облысының палуаны Айбек Нұғымаров жеңіп алды.

Хабарламаларға жазылу