Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының қымбаттауына жол берген әкімдер Үкімет басшысынан сын естіді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов арнайы кеңес өткізіп, бағаның өсуіне жол бермеу мәселесін талқылады. Жыл басынан бері баға 12,4 пайызға өскен. Соның ішінде пияз 7,2%-ға, сәбіз 2,6%-ға, қырыққабат 2,5%-ға, картоп 2,2%-ға, сүт 1,8%-ға, құс еті мен айран 1,6%-ға, қант 1,1%-ға қымбаттады. Бағаның ең көп өсуі Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қызылорда облыстарында тіркелді. Десе де бағаға бақылау күшейе түскен. Өткен аптада үй маңындағы 30 мыңнан астам дүкенге рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, 231 заңбұзушылық анықталған. Ал, бағаға ие бола алмаған өңірлердің ішінде Маңғыстау облысында пияз 39,2%-ға, сиыр еті 5,5%-ға көтерілген. Петропавлда сүт өнімдерінің құны шарықтап кеткен.
Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:Айранның бағасы 14,3, сүзбе 9 жарым, сары май 5,3 процентке қымбаттады. себептері шетелден жеткізілетін пленка 76 пайыз, қаптама материал 30 процентке, жабдықтың қосалқы бөлшектері 50 пайызға қымбаттады.
Баға дүкендер де ғана емес, базарларда негізсіз аспандап тұр. 12 өңірдегі 90-ға жуық сауда базарына қатысты тексеру жүргізілмек. Сондай-қ премьер-министр арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Ауыл шаруашылығы министрі елде азық түлік қоры жеткілікті деп отыр. Ведомство әкімдіктермен бірлесе отырып, егілетін дақылдарды әртараптандыру бойынша шаралар қабылдауы тиіс.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:Мен бірнеше рет «айналым схемасын» қаржыландыруды арттыруды тапсырған едім. Алайда бүгінде жұмыс тиісті деңгейде орындалған жоқ. Осы айдың соңына дейін қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін арттыруды тапсырамын.
Раушан Сайлауқызы