Үкімет басшысы әкімдерге 1 айда газ-техникалық инспекцияны құруды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы әкімдерге 1 айда газ-техникалық инспекцияны құруды тапсырды

03.11.2020

Елдегі ірі ғимараттардың көбінде өрт қауіпсіздігі сақталмайды. Биылдың өзінде 260-тан астам нысанда талап өрескел бұзылған. Бүгін Үкімет отырысында жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. 

Асима Нұрбайқызы, тілші:
Елдегі төтенше жағдайдардың 92 пайызы өрттен болады. Жылу беру маусымында жағдай тіптен ушығады. 2 айда 1300-ден астам тұрғын үй секторы өртенген. Әсіресе, Шымкентте өсім көп. 8 есеге артқан. Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында да жер үйлерде өрт көп. Бұған бірнеше себеп бар. Дені – ережені елемейді. 10 мыңнан астам үйде өрт қауіпсіздігінің талаптары бұзылған.   
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
Өңірлердің әкімдері осы мәселелерді бақылауға алып, тиісті шараларды қадағаласын. ІІМ тұрғын үй секторында рейдтер жүргізсін. Әлеуметтік салаларда орналасқан қазандықтардың жұмысын ерекше бақылауға алып, жылдадатып шешу керек. 
Асима Нұрбайқызы, тілші:
Жаңадан құрылған министрлік басшысы саладағы кем-кетіктерді айтып, өрт сөндіру техникаларын жаңартуды сұрады. Өйткені, көбі ескірген, жарамсыз. Айталық, өрт гидранттарының 15 мыңнан астамы істен шыққан. Яғни, тілсіз жаумен күресте су жетпей, жағдайды қиындатады. Тағы бір үлкен проблема - өрт сөндіру бөлімдерінің елді мекендерен қашықта орналасуы. Асқар Мамин бұл мәселелерді шешу үшін материалдық-техникалық жарақтандыру туралы жол картасын жаңадан әзірлеуді тапсырды. Өкінішке қарай, Қазақстанда жыл сайын 20-дан астам адам газдан уланып көз жұмады. Ал облыс басшылары бұған селқос қарап отыр. Үкімет басшысы кемшілікті жою үшін әкімдерге 1 ай уақыт берді. Осы мерзімде барлық өңірде газ-техникалық инспекциясы құрылуы керек. 
Үкімет отырысы өрт қауіпсіздігі

Хабарламаларға жазылу