Су тасқынына байланысты құзырлы органдардан жауап алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынына байланысты құзырлы органдардан жауап алынады

07.04.2022

Халық жыл сайын су тасқынымен жалғыз қалады. Ал, салалық министрліктер салғырт, әкімдер әрекетсіз. Құзырлы органдар стихиялық жағдайдың алдын ала алмаса да, ең болмағанда ескертумен айналысуы керек. Ал олар жылда су тасқынының салдарымен күреседі. Биыл да Батыс және Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды облыстары еріген қар суының астында қалды. Сенаторлар Үкімет басшысына сауал жолдап, келесі отырыста осы мәселені көтеру керектігін айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Өте өзекті сұрақ. Иә, бірқатар өңір су тасқынына тап келді. Бұл проблеманы депутаттар мен қоғам жыл сайын көтеріп жүр. Бірақ, жергілікті атқарушы билік те, құзырлы ведомстволарда дайын болмай шығады. Келесі отырыста Төтенше жағдай министрін, Үкіметтің өзге де өкілдерін шақырып, облыстарды бейнебайланысқа қосып мәселені көтереміз. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу