Президент келесі аптада Үндеу жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент келесі аптада Үндеу жариялайды

21.04.2020

Мемлекет басшысы коронавирус жағдайына қатысты кезекті үндеуін жариялайды. Бұл туралы Президентің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәлімдемесін келесі апта отандық телеарналар арқылы жасайды. Айта кетейік, Президент бұған дейін екі рет дағдарысқа қарсы шаралар топтасын жариялап, шағын және орта бизнесті қолдауға, халықты әлеуметтік қорғауға, көктемгі егіс науқанына және су тасқынына қарсы жұмыстарға байланысты нақты тапсырмалар берген еді. Әрі көптеген бағдарламалар мен тұжырымдамаларды жаңарту қажеттігін айтып, қазіргі талаптарға жауап беретін стратегиялық шешімдер әзірлеу керектігін ескерткен.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу