Жедел штабтың кезекті отырысы: Қытаймен арадағы жүк тасымалы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жедел штабтың кезекті отырысы: Қытаймен арадағы жүк тасымалы талқыланды

06.04.2022

Қытайдан келетін тауарларға салынатын кедендік құн салығы мен кедендік төлемдер көрсеткіштері өсті. Бұрын 1 келі жүк үшін 4 доллар болса, қазір жетіге жетті. Ал, кедендік төлем индексі 265-тен 560 теңгеге дейін көтерілген. Премьер-Министрдің төрағалығымен дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Жалпы, екі ел арасында бес автомобиль, екі теміржол өткізу пункті және «Қорғас» жүк терминалы жұмыс істейді. Көлік ағыны биыл үш айда 123%-ға өскен. Ал «Нұр жолы» өткізу пунктінде қолма-қол есеп айырысу тоқтатылды. Бұл қаражатты көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ электрондық кезек бойынша сынама жоба іске қосылды.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу