Украинадан дәрі-дәрмек жеткізіп берушілермен келісімшарт тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадан дәрі-дәрмек жеткізіп берушілермен келісімшарт тоқтатылады

06.04.2022

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Отандық фарм-өндіріс кейбір құрамдық бөлшектер мен логистика бойынша импортқа тәуелді. Медицина мекемелері шприц, катетрлар мен өзге де тауар тапшылығына тап болып отыр. Бірақ ведомство басшысы биылға қажет дәрілердің 94% сатып алдық дейді. Бүгінде ол дәрілердің 50% «СҚ-Фармация» қоймалары мен хабтарына жеткізілген. «Ал Украинадан дәрілік препараттардың 25 түрі келеді. Қазір зауыттар жабық тұр. Сондықтан біржақты негізде келісімшарттарды тоқтатамыз. Қалған көлем бойынша қайтадан конкурс жариялаймыз. Бұл жұмыстар 1 шілдеге дейін аяқталады», – деді министр. 

Хабарламаларға жазылу