Украинадан келетін дәрілер басқа елдің препараттарымен алмастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадан келетін дәрілер басқа елдің препараттарымен алмастырылды

05.08.2022

Қазақстан Украинадан сатып алатын дәрі-дәрмектерді басқа мемлекеттерден алуды жолға қойды. Әскери қақтығысқа байланысты бұл елден тауарды жеткізу қиындаған. Украинадан біздің елге 20 шақты дәрінің түрі әкелінетін. Қазіргі таңда олардың 80 пайызы Үндістан және Қытайдан тасымалданып жатыр. Бұл туралы елордадағы брифинг барысында дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов айтты. Жалпы Қазақстан 2025 жылға қарай ішкі нарықтың 50 пайызын отандық өніммен қамтуды жоспарлап отыр. Әзірге фармацевтика бойынша қазақстандық өнімдердің үлесі 21 пайызды ғана құрайды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу