Британ саяхатшысының қазақ даласы туралы жинағы таныстырылды
Батыс саяхатшыларының қазақ жерлерін зерттеу тарихы туралы кітап көпшілікке таныстырылды. Авторы, британдық жазушы, саяхатшы Ник Филдинг осы туындының жарыққа шығуына Ұлы дала көшпенділерінің, хан-сұлтандардың әңгімелері мен оқиғалары себеп болғанын айтті. Жинаққа тіпті Кіші жүз ханы Әбілқайырдың ауызынан шыққан сөздері де кірген. Зерттеуші Қазақстанда 10 жыл бойы өмір сүріп келеді. Жетісу өңірімен жақсы таныс. Алғаш рет оның қазақ даласы туралы жинағы 2019 жылы ағылшын тілінде басылды. Енді туынды Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен орыс және қазақ тілдеріне аударылып, оқырманның қолына тиді.
Ник Филдинг, саяхатшы:
Сол кезде қазақ көшпенділерінің әңгімелері еш жерде жазылып, сақталмаған. 18-ші ғасырда саяхатшы Джон Касл қазақ даласына сапарында Кіші жүз ханы Әбілқайырмен кездесті. Әбілқайырдың салып кеткен суреті, қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпына тұнып тұрған қолжазбалары мұрағатта сақтаулы. Ханның ауызынан шыққан сөздері де тұңғыш рет жинаққа енді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 11:30
S&P Global Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне жоғарылатты
22.08.2026, 10:52
Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 10:30
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40