Сапасыз қызмет көрсеткен байланыс операторларына салынатын айыппұл 300 мыңнан 3 млн теңгеге дейін өседі. Әрі бақылау күшейтіледі. Өйткені, біздегі байланыс сапасы сын көтермейді.
Ал «Кселл» компаниясын бас прокуратура мен қаржы мониторингі тексеруге алады. Себебі компания мемлекетке үлкен залал келтіруі мүмкін. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет жанындағы экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Онда телекоммуникация саласына қатысты мәселе талқыланды. Әрі елдегі мобильді байланыстың үлесіне қатысты проблема қаралды. Өйткені үш жыл ішінде мобильді байланыс операторларының желілері біріктірілмеген. Енді операторлардың бірін бәсекелі нарыққа шығару қарастырылып жатыр.
Ол үшін «Қазақтелекомды» демонополизациялау ұсынылды. Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне «Самұрық-Қазына»-мен бірлесіп осы мәселе бойынша бір апта ішінде ұсыныс енгізуді тапсырды.
Раушан Сайлауқызы