Қаратөбе ауданының үш ауылдық округінде құтқарушылар тұрғындарды көшіріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаратөбе ауданының үш ауылдық округінде құтқарушылар тұрғындарды көшіріп жатыр

05.04.2022

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданының үш ауылдық округінде құтқарушылар тұрғындарды аудан орталығына арқалап апарып жатыр.

Қалдығайты өзені арнасынан асып, ауылды су басу қаупі төнгендіктен, бірнеше жолды қолдан жыруға тура келген. Салдарынан ауылға қатынас үзілді. Аққозы, Саралжын, Қараөткел ауылдық округінің тұрғындарын құтқарушылар жаяу көпірге дейін арқалап апарып, Қаратөбеге жеткізіп жатыр. Барлығы 20 адам, олардың ішінде 5-еуі - жүкті әйел. Маңғыстау облысынан барған жеке құрам да сол ауданға жіберілген. Қалдығайты өзенінің деңгейі тасқын басталғалы 1,5 метрге дейін көтерілген. Қазір аудан орталығы - Қаратөбе ауылының өзіне қауіп төніп тұр. Алайда құтқарушылар тасқынның алдын алуда.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу