Қазақстанда бүлдіршінге құны 1 млрд теңге тұратын екпе салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бүлдіршінге құны 1 млрд теңге тұратын екпе салынды

04.04.2022

Оралдық бүлдіршінге құны бір миллиард теңге тұратын екпе салынды. Препарат Қазақстанда тіркелмеген. Мұндай ем-дом өте қымбат саналады. "Золгенсма" препараты шетелден арнайы жеткізілген. Қыздың ата-анасы қуанышты жаңалықпен әлеуметтік желіде бөлісті. Сәбиді Қазақстан халқы аман алып қалды деп отыр.

Осындай омыртқа бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға осы препарат сатып алынған. Құны 3,7 млрд теңге. Қаражат «Қазақстан халқына» қоры арқылы төленді.

Сондай-ақ, қордан қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге 495 млн теңгеге қайырымдылық көмек берілді. Оның ішінде: қаза тапқан әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасына – 133 млн теңге, ауыр жарақат алған әскери қызметкерлерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне – 318 млн, қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған ел азаматтарының отбасына – 35 млн, қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен балалардың отбасына – 9 млн теңге берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.

«Қазақстан халқына» қоры

Ауыр дертке шалддыққан 4 балаға 3,7 млрд теңге

қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге 495 млн т

қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына 133 млн т

ауыр жарақат алған қызметкерлерге 318 млн т

 кездейсоқ құрбан болған азаматтардың отбасыларына – 35 млн т

зардап шеккен балалардың отбасыларына – 9 млн т))

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу