Павлодар облысындағы шаруалар Ресейден бидай тұқымын жеткізе алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы шаруалар Ресейден бидай тұқымын жеткізе алмай отыр

04.04.2022

Павлодар облысындағы шаруалар Ресейден бидай тұқымын жеткізе алмай отыр. Себебі, көрші ел астық пен басқа да азық-түлік түрлерін экспорттауға шектеу қойған болатын. «Абай» серіктесітігі 60 мың гектар алқапқа егін салады. Бұл астық өсірумен айналысатын аймақтағы ең үлкен шаруашылық. Көктемгі егіске техника дайын. Жанар-жағармай қоры да жеткілікті. Бірақ былтыр Ресейдің Омбы облысынан сатып алынған элиталық тұқым дер кезінде жетпей қалады деген қауіп бар. Келісім-шартта тауарлы емес, егіске арналған дән деп көрсетілгенімен көрші елдің кеден қызметі шекарадан шығармай отыр.

Николай Миллер, шаруашылық директоры:

Алдын-ала төлеп қойдық. Бірақ жылдағыдай дән себу жұмыстары басталған уақытта алып келеміз-деп жоспарлаған болатынбыз. 150 тонна элиталық сорт. Қазір оны себуге дайындау үшін кемінде 20 күн керек. Топырақ кеуіп кетіп үлгермей қалуымыз мүмкін.

Аймақтағы бірнеше шаруашылық дәл осындай тығырыққа тірелген. Сондықтан облыстық әкімшілік пен еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейдің Омбы облысындағы өкілетті ведомстволармен келісім жүргізіп жатыр. Жақында мәселе шешілуге тіиіс, - дейді.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу