Қарағанды облысында 2 баланы ит талады: біреуі қайтыс болды
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында екі баланы ит талап, бірі көз жұмды. Бос жүрген неміс овчаркасы үй иесінің немерелерін қапқан. Бүлдіршіндер сан авиациямен Қарағандыдағы ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер балалардың кішісін ажалдан арашалап қала алмады. Үлкені ем алып жатыр. Басы, көзі мен қолы қатты зақымданған. Жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.
Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:Сол үйдің 3 және 5 жастағы екі баласы аулада ойнап жүргенінде оларға сол үйдің иті шабуыл жасап, дене жарақаттарын келтіргені анықталды. Алған жарақаттан 3 жастағы бала ауруханада қайтыс болса, 5 жастағы бала ауруханаға жатқызылды. Бұл факті Ақтоғай аудандық полиция бөлімінде тіркелді, тергеу амалдары жалғасуда.
Таяуда Ақмола облысының Атбасар қаласында да 57 жастағы әйелді ит талаған еді. Көшеде бос жүрген алабай келіншектің қолын тістеп, аяғын шайнап тастаған. Салдарынан ол мүгедек болып қалды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық футболшылардың сапына әлемдегі үздік ойыншылар қосылды
24.01.2026, 20:15
Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйлердегі жаңа басқару жүйесі талқыланды
24.01.2026, 19:57
Интернет-алаяқтыққа байланысты Бас прокуратура үндеу жасады
24.01.2026, 19:56
Саясаттанушы: Тиімді саяси реформалар - ел дамуының көрсеткіші
24.01.2026, 19:40
Халық пікірі: Конституциялық реформа – саяси жаңғырудың өзегі
24.01.2026, 19:38
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
24.01.2026, 19:35
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39