Футболдан Ұлттық құрама Молдованы жеңді
Драмаға толы жеңіс. Кеше футболдан ұлттық құрама ойыншылары тартысты өткен ойында Молдова командасынан басым түсті. Кездесудің негізгі уақытында отандастарымыз есе жібергенімен, пенальти сериясында мүлт кетпеді.Айта кетейік, пандемия басталғалы тұңғыш рет ойын тамашалау үшін аренаға бірнеше мыңдаған көрермен жиналды.
Қос құрама өткен аптада Кишиневта кездескен еді. Ол ойында Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен басым түскен болатын. Ал, кеше боранға қарамастан жерлестерімізге қолдау көрсету үшін «Астана-Арена» стадионына 13 мыңнан аса көрермен жиылды. Алайда есепті бірінші болып Молдовалықтар ашты. Гол авторы Игорь Армаш.
Қос ойын бойынша таразы басы теңесті. Бірінші таймда командалар тартысты ойын көрсеткенімен, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. 63-минутта Абат Айымбетов баспен соққы жасаған еді. Алайда қақпашы орнына табыла білді.
Артынша Нұралы Әліптің мүмкіндігі болды. Бұл жолы доп қиыс кетті.
Ойыншылар 90 минут бойы бір-бірін жеңе алмады. Қосымша берілген овертаймда да жеңімпаз анықталмады. Екі ойынның нәтижесі бойынша есеп 2:2. Кездесу пенальти сериясына ұласты. Ал бұл сында Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий ерекше көзге түсіп, матч қаһарманы атанды.
Игорьдің екі бірдей допты қайтаруы біздің командаға тамаша мүмкіндік сыйлады. Шешуші сәтте Жуков мүлт кетпей, гол соқты. 5:4.
Осылайша Қазақстан құрамасы ұлттар лигасының С тобындағы орнын сақтап қалды. Ал Молдова келер маусымда Д тобында өнер көрсетеді.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22