Бораннан ақтөбеліктер де зардап шекті
Бораннан Ақтөбеліктер де зардап шекті. Қатты желдің салдарынан қаладағы бірнеше ғимараттың шатыры ұшты. Сондай-ақ, төрт бағытта жол жабылды.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Ақтөбеде желдің екпіні әлі де қайта қойған жоқ. Боранның салдарынан екі медицина нысаны мен біркөп қабатты үйдің шатыры бүлінді. Қолайсыз ауа райы жолаушыларға да кедергі келтіріп тұр. Бірнеше бағытта қозғалыс шектеліп, жолға шығуға тыйым салынды. Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк және Дон-Бадамша-Ақтөбе-Ор бағытындағы жолдар бүгін де жабық. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары соңғы тәулікте Алға, Қарғалы, Хромтау аудандарында 82 адам қауіпсіз жерге жеткізді. Оның 12-сі бала.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04