Елорданың колледж студенттері бүгін онлайн оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың колледж студенттері бүгін онлайн оқиды

30.03.2022
Елорданың колледж студенттері бүгін онлайн оқиды

Түнде елордада қатты соққан дауыл жергілікті тұрғындарды біраз әбігерге салды. Осыған байланысты төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы құрылды. 

Дарын Сағитов, тілші: 
Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордада кеше кешкі сағат жетілерде дабылды ескерту жарияланды. Жойқын жел мен көктайғақ салдарынан елорда іргесіндегі ауылдарға автобустардың қатынасы уақытша тоқтатылды. Жолдарда қалың кептеліс пайда болды. «Қазмедиа» орталығында орналасқан барлық республикалық телеарналарға жұмысын тоқтатуға тура келді. Себебі орталықтың паркингінде трансформатор жанған. Өрт сөндіріліп, қызметкерлер дереу қауіпсіз жерге шығарылды. Адамдар аман. Жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, бір тәулік ішінде 372 адам, оның ішінде 312 бала құтқарылды. Ал бүгін қатты жел саябырсығанымен, колледждегі бірінші ауысым студенттері үшін оқу онлайн форматқа көшірілді. Түнде тоқтаған елордадағы әуежай жұмысы бүгін таңертең жанданды. Синоптиктердің болжамы бойынша, боран бүгін кешке басылады.

Дарын Сағитов



Хабарламаларға жазылу