Астана – арман қала - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана – арман қала

07.07.2014
Астана – арман қала

«Қазақстанның өркендеуі тікелей Астанаға байланысты». Ұлттық арнаға сұхбат берген Түркия премьер-министрінің кеңесшісі Хуриет Ерсой осылай дейді.

«Қазақ ордасының әлемді мойындататынына күмән жоқ. Қазірдің өзінде Астанада көптеген халықаралық басқосулар өтіп, маңызды шешімдер мен құжаттар қабылдануда»,-дейді ол.

Хуриет Ерсой, Түркия Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі:

Мен Астананың бас қала болған күнінен бастап осы кезге дейін қалай өзгергенін өз көзіммен көрдім десем болады. Өйткені, Қазақстанға жиі барып тұрамын. Әр барған сайын ерекше әсер алып қайтамын. Мұндай әсем астанасы бар ел бақытты. Астана – келешегінен мол үміт күттіретін қала. Сондықтан, осы даму беттеріңізден таймаңыздар, дегім келеді. Әрбір қазақстандықты мерекемен құттықтаймын! Елордаларыңыз әлі де талай белестерді еңсеретініне нық сенімдімін.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу