Әлемдегі ең қымбат дәрі қазақстандық сәбиге салынды
Әлемдегі ең қымбат дәрілердің бірі Қазақстанда алғаш рет қолданылды. Бірінші препарат омыртқаның бұлшық ет атрофиясы диагнозымен туған төрт айлық сәбиге салынды. Zolgensma атты дәрінің құны бір миллиард теңге. Дәрігерлер бәрі сәтті өткенін айтады. Нәрестенің жағдайы қалыпты. 8-сәуірге дейін тағы 3 балаға осы дәрі салынбақ. Күрделі ем-дом «Ана мен бала» орталығында жасалды. Қымбат дәрі-дәрмекті сатып алу және осы саладағы мамандарды оқыту жұмысы «Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруымен жүзеге асты.
Бақсиық Сатығалиев, науқас баланың әкесі:
Zolgensma деген дәріні негізі шетелде салады екен. Бүгінгі таңда біздің Қазақстанда, өз елімізде салынып жатыр. Бір тарихи және ғылыми жаңалықтың қолданушысы болып отырмыз.
Қор жұмысына байланысты бүгін Премьер-министрдің орынбасары да пікір білдірді. Ералы Тоғжанов көмек ала алмай жүрген науқастар болса, өзінің атына өтініш жазуға болатындығын айтты. Әр мәселе жеке-жеке қаралатынын айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09