Петропавлда жылу жүйесі қалыпқа келе бастады
Петропавлда жылу жүйесі қалыпқа келе бастады. Кеше жылу электр орталығында тағы да апат болып, бірнеше қазандықтың жұмысы тоқтап қалған. Соның салдарынан тұтас қала жылусыз қалған еді. Қазір қалаға жылу толық берілді. Әлеуметтік нысандардың бәрі жұмыс істеп тұр. Әкімдік монополист компанияға коммуналдық қызмет төлемін қайта есептеу жөнінде ұсыныс жолдамақ. Орталықта қыс маусымы басталғалы осымен 5-ші рет апат тіркелді. Өткен аптада үш мұржаның бірі құлаған болатын.
Бахыт Ілиясов, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:
Мұржа құлаған сәтте ғимаратқа зақым келді. Түнде даладағы ауа температурасы төмендегенде цех та салқындап, индукциялық құбырлар қатып қалған. Мамандар ақауды жойды. Бүгін тұтынушыларға талапқа сай жылу беріліп жатыр.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04