Қостанай облысында жолда қалған 175 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жолда қалған 175 адам құтқарылды

28.03.2022

Қостанай облысының оңтүстігінде бір аптадан бері боран басылмай тұр. Төтенше жағдай қызметі де күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Күн сайын жүздеген адам мен ондаған көлік қар құрсауынан шығарылып жатыр. Соңғы тәулікте 175 адам құтқарылып, 2 науқас эвакуацияланды.

Төтенше жағдай қызметкерлері Қарасу, Амангелді және Жітіқара аудандары мен Арқалық қаласы маңында жолаушыларды құтқарды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстың автожолдарында 8 бағыт бойынша қозғалысты шектеу үшін бекеттер қойылды. Жолаушылар үшін 9 жылыту пункті дайындалды.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу