Премьер-министр: Бүгінде «Қазақстан темір жолында» вагондарың 60 пайызы тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-министр: Бүгінде «Қазақстан темір жолында» вагондарың 60 пайызы тозған

25.03.2022

Швейцария «Мade in Kazakhstan» заманауи жылжымалы теміржол құрамының әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін өндірісін қолдауға әзір. Сондай-ақ, білікті мамандар дайындап, осы салада ынтымақ орнатудың негізгі алаңы ретінде Қазақстанды көргісі келеді. Бұл туралы Швейцария елшісі Давид Грифтинг Премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездесуінде жеткізді.

Өз кезегінде Үкімет басшысы қазіргі құбылмалы ахуалға қарамастан, Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктеріне ұлттық, жаһандық деңгейлерде қызығушылық байқалғанын жеткізді. Сондай-ақ, Смайылов көлік-логистикалық қызметтерге деген сұраныстың артып жатқанын атап өтті. Бүгінде «Қазақстан темір жолында» вагондарың 60 пайызы тозған.Қазір жылжымалы құрамды жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс жүріп жатыр.

«Бұл жоба біз үшін, әсіресе, жергілікті өндірісті кеңейту тұрғысынан өте маңызды», - деді Әлихан Смайылов. Сондай-ақ, кездесуде отандық машина жасау өндірісін дамытуға қатысты жоспар талқылданды. 

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу