«Хан-Шатыр» орталығында мерекелік думан жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Хан-Шатыр» орталығында мерекелік думан жалғасуда

06.07.2014
«Хан-Шатыр» орталығында мерекелік думан жалғасуда

Астана күніне арналған мерекелік шаралардың биылғы басты жаңалығы ретінде салт-дәстүрлердің голографиялық театрын айтуға болады. Дәл қазір «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестиваліне жиналған жұртшылық каскадерлер өненін тамашалауда.

Гүлжан Қалтайқызы, тілші: 

«Ат жалында» деп аталатын шабандоздар шоуы жиырма минут бұрын басталды.  Қырғыз елінен келген каскадерлер мереке көрігін кыздыруда. Ағайынды Диқанбаевтар бастаған топ құрамында сайдың тасындай іріктелген 17 жігіт бар. Олар қыз қуу, аударыспақ, теңге алу, көкпар секілді ұлттық спорт ойындарын көрсетті.

 

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу