Шара елорданың бірнеше алаңында өткізіліп жатыр: 5-7 шілдеде «Астана-Бәйтерек» монументінің алдында, Студенттік және Жерұйық паркінде сағат 20.00-23:00 және 7 шілдеде сағат 20.00-23:00 Әкімдіктің алдындағы алаңда өтеді, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.
Отандық шоу бизнес өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтайды. Шараға қатысушылар қазіргі заманғы түрлі бағыттардағы әлемдік би музыкаларын, соның ішінде «ретро» және «этно» әуендер тыңдайды. Бағдарламада Мемлекеттік филармония әртістері, Астана қаласының жеке орындаушылары, қазақстандық эстрада жұлдыздары, сондай-ақ, диджеинг шеберлері өнер көрсетеді.
Көңілді жүргізушілер, жарықты және лазерлік инсталляциялар, конфетти нағыз жастар мерекесін – ашық аспан аясында үлкен би кешін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.