ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті

17.03.2022

Алматыда Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңартылған құрамымен бірінші отырыс өтті. Жиында Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әзиз Ысқақов баяндама жасады.

Кеңестің жаңа құрамына қоғам белсенділері, жас ғалымдар, БАҚ саласының өкілдері мен кәсіпкерлер, Президенттік Жастар кадр резервінің мүшелері, сондай-ақ, түрлі жастар ұйымдарының көшбасшылары кірді. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Жолдауындағы бірқатар тезистерге тоқталды. Ол Президенттік реформалар Жаңа Қазақстанды құру мен жаңа бастамалардың бастауы екенін атап өтті. Бұл реформалар азаматтар, әсіресе жастар арасында үлкен қолдау табуда. Бұл тұрғыда Кеңестің рөлі артады. Өйткені алдағы уақытта оның мүшелері заң жобаларын, тұжырымдамаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды талқылауға қатысады. Шара сұрақ-жауап форматында жалғасты. Кеңестің өкілдері мемлекеттік органдардың басшыларына өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.

Олжас Сүлеймен, кәсіпкер, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі:

Халықтың көкейінде жүрген сұрақтардың барлығын көтеріп жатыр. Өйткені, қоғамда болып жатқан мәселе ол міндетті түрде жастармен байланысты. Кейбір әріптестерміз экология мәселесін көтерді. Жастар театры мәселесін көтерді. Спорт мәселесін көтерді. Әртүрлі саладағы мәселелер көтеріліп жатыр. Ең бастысы, біз сұрағымызды қойып, ұмытып қоймай, уәделер қаншалықты орындалатынын қадағалайтын боламыз.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу