Сарапшылар: Партиялық жүйенің өзгеруі — көзқарас еркіндігіне жол ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Партиялық жүйенің өзгеруі — көзқарас еркіндігіне жол ашады

17.03.2022

Президент партияның төрағасы болмайтынын жолдауда мәлімдеді. Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалында қызмет атқаруға заңды түрде тыйым салынады. Азаматтық қоғамның жұмысы енді жаңа форматта жанданады. Бұл елдегі партиялардың жұмыс істеуіне тең мүмкіндік береді. «Партиялық жүйенің өзгеруі — көзқарас еркіндігіне жол ашады»,-дейді сарапшылар

Индира Рыстина, Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері:

Партияны тіркеуден өткізу, филиалдарды ашу мерзімдері екі есеге ұзарды. Бұрын филиалды ашу үшін 6 ай керек болса, енді ол бір жылға дейін ұзартылды. Бұның барлығы партиялар арасындағы белсенділікті, бәсекелестікті көтеруге халық үшін жасалып жатқан жағдай. Ендігі кезек азаматтық қоғамда, белсенділерде және қоғамның енжарлық танытпауында.


Хабарламаларға жазылу