Сайлаушылардың біртұтас электронды базасы жасақталады - Нұрлан Әбдіров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлаушылардың біртұтас электронды базасы жасақталады - Нұрлан Әбдіров

17.03.2022

Сайлаушылардың біртұтас электронды базасы жасақталады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қазір бұл бастаманың механизмдері қарастырылып жатқанын айтты. Президент жолдауынан кейін сайлау жүйесін үлкен өзгерістер күтіп тұр. Алдымен науқанның барынша ашық әрі әділ өтуіне күш салмақ. Байқаушылар туралы заң қайта қаралады. Сайлау науқанын ұйымдастыру шараларын баса мән беріледі. Мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беру құқығы шектелмеу үшін бар жағдай жасалуы тиіс, деді комиссия төрағасы. Бүгінгі таңда ауыл әкімдерін сайлау науқаны жалғасуда. Былтыр шілдеден бері 924 ауыл тұрғыны өз әкімдерін сайлады. Қазір комиссия мүшелері өңір тұрғындарымен кездесулер өткізуді бастаған. Халықтың талап-тілектерін тыңдай келе нақты шешімдер қабылданбақ. Жолдауда айтылған аралас сайлау жүйесін енгізу мәселесінің маңызы зор, дейді Нұрлан Әбідров

Нұрлан Әбідров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Мәслихат толық мажоритарлық, облыста 50де 50 болып отыр. Енді қазір көп заңдарға өзгеріс енгізіледі. Билік оның ішінде мәслихат, мәслихаттардың жеке қаржыландырылуы бұл үлкен дүние.


Хабарламаларға жазылу