Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Ақмарал Әлназарова Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына елдегі жол апатының алдын алу туралы депутаттық сауал жолдады.
«2022 жылдың қаңтар айында жолда қаза болғандардың саны 166 жағдайды құрады, бұл өткен жылға қарағанда 54 пайызға көп. 2021 жылы зардап шеккендердің жалпы саны 40593 адам, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 34 пайызға артық. Әлемдің рейтингте жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім бойынша Қазақстан 107 орында тұр. Соңғы 5 жылда 1971 адам жол апаты себебінен мүгедектікке тап болды. Қаза болғандардың 41 пайызы, яғни 920 адам республикалық маңызы бар жолдарға тиесілі»,– деді сенатор.
Депутаттың айтуынша, жолдарда қаза болғандардың жалпы санының 96,8 пайызы жедел медициналық көмек бригадасы келгенше қайтыс болады.