«Аmanat» партиясының өкілдері Президент Жолдауына қолдау білдірді
Сындарлы өзгерістер мен эволюциялық жаңғыру ғана қиындықтарды еңсеріп, елдің тұрақты дамуына өз ықпалын тигізеді. Осылай деген Аmanat партиясының өкілдері Президент реформалары мен бағытын қолдауға дайын. Арнайы жиын өткізген партия мүшелерінің пікірінше саяси, экономикалық реформалар ең алдымен елдің әл ауқатын жақсартуға бағытталған. Президент жүйелі проблемалармен күресудің тиімді тетіктерін ұсынды. Ел экономикасын дамытып, қоғамдық келісімді нығайту үшін Жолдауда айтылған саяси бастамалардың маңызы зор. Ал жүзеге асыру үшін күш біріктірген жөн, - дейді партия мүшелері. Жиында жолдауда айтылған шараларды іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Асхат Оралов, "Аmаnат" партиясының атқарушы хатшысы:
Аmаnат партиясы Президенттің жүйелі және кең ауқымды реформаларын толығымен қолдайды. Осылайша, Мемлекет басшысының реформалары аясында партия өзгерістерді өзінен бастап, ішкі трансформацияны қолға алды. Біз реформалар бағытына балама жоқ екеніне сенімдіміз. Саяси либерализация және әлеуметтік әділеттілік – бұл азаматтардың өтініштеріне дер кезінде берілген жауап. Біз барша қазақстандықтарды бірлік пен ынтымаққа, барлық қоғамдық-саяси күштерді топтасуға шақырамыз.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13