Аудандар мен қалаларда сайлау мажоритарлық жүйеге көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аудандар мен қалаларда сайлау мажоритарлық жүйеге көшеді

16.03.2022

Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына кемінде бір депутат сайлай алады. Жаңа үлгі Мәжіліске әртүрлі көзқарастағы белсенді азаматтардың келуіне жол ашады деді Президент. Енді аудандар мен қалалардағы сайлау да толығымен мажоритарлық жүйеге көшеді. Бұл - жергілікті жерде бәсекеге қабілетті саяси ортаны қалыптасытру деген сөз. Сондай ақ саясатқа беделді жаңа тұлғалардың келуіне зор мүмкіндік бар.
Аманай Сейтқасымов,     Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі: 
Жеке адамдардың бұрын даусы естілмейтін және олар тіркелмейтін де. Сондықтан халықтың сайлауға деген көзқарасы, сайлауға деген белсенділігі төмен түсіп қалды. Қазіргі уақытта Президенттің ұсыныстарымен кез келген адам, жаңаға азаматтық өзінің ұстанымы бар адам осы билікке қатыса алады сайлау арқылы. Маған осы жағы ұнап тұр.

Хабарламаларға жазылу