Маңғыстау облысында жем-шөптің бағасы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында жем-шөптің бағасы арзандады

15.03.2022

Маңғыстау облысында 1 орама шөптің бағасы 18 мыңнан 10 мың теңгеге арзандады. Яғни шөптің келісі - 50 теңге болды. Ал, 2100 теңгеден сатылған 1 қап жем қазір 1 мың теңге тұрады. Жыл басында Ауыл шаруашылығы министірлігі және жергілікті әкімдік өкілдері мен шаруалардың кездесуінен кейін осындай нәтижеге қол жетті. Ақпан айынан бері шаруаларға арзандатылған бағамен 6500 тонна жем сатылып, төрт-түліктің санына қарай ауыл-ауылға таратылды. Жалпы, облыста 2,1 млрд теңгеге қор жасақталды. Жем-шөп осы айдың соңына дейін жетеді. Одан әрі мал азығын тасымалдауға берілген жеңілдіктер тоқтайды. Бірақ, шөп жеткізетін операторлар жыл соңына дейін азықты жеткізуге келіскен.

Ғарифолла Үсенов, Жармыш ауылының тұрғыны:

Енді Үкіметіміз көмектесіп, 1500 теңгеден жем берді, артынан жемді 1000 теңгеге берді. Шөппен де көмектесті. Рулонын 8-10 мың теңгеден. Соның арқасында енді ептеп-ептеп қыстан шығып келе жатырмыз.

Қазбек тәшімов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Күні бүгінге дейін әр рулон 18 мың теңгеден сатылған болатын ақпан айына дейін. Ақпандағы шешімнен кейін жаңағы операторлар өз кезегінде 3 мың теңгесін түсірді. Жаңағыдай Казиспекс қоры арқылы демейшілер 5 мың теңгеге арзандатылды. Нәтижесінде 1 орама шөп шаруа қожалықтары 10 мың теңгеден сатылды.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу