Қызылордада зардап шеккен 3 кәсіпкерге өтемақы төленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада зардап шеккен 3 кәсіпкерге өтемақы төленді

14.03.2022

Қызылордада дүрбелең кезінде 21 бизнес нысанына түрлі залал келді.

Облыс әкімдігі жанынан құрылған комиссия 15 кәсіпкердің өтінішін қарап, үшеуіне 1 миллион 440 мың теңге көлемінде өтемақы төледі. Жалпы бизнес өкілдері жаппай тәртіпсіздік салдарынан 400 миллион теңгеден аса шығынға ұшырағанын көрсеткен. Бірақ, комиссия әр кәсіпкердің шығынын жіті тексеріп, ішінара қанағаттандыруда.

Саят Құлмахан Қызылорда облысы бойынша «Атамекен» ҰКП директорының орынбасары:

Көбісіне кәсіпкерлік субъектілер сол 10 миллионға дейін. Бізде тек М-Ломбард деген мекеме бар сол өте үлкен залал сол мекемеде. Ол ірі кәсіпкерлік субъектісіне жатуына байланысты ол комиссияда әлі қаралған жоқ. Олар арыз берген жоқ.

Мұнан бөлек, қаңтардағы бүлік кезінде 7 мемлекеттік орган мен 2 партия ғимараты бүлінді. Шығын 3 миллиард теңге көлемінде. Қазір 5 нысан қайта қалпына келтірілді. Тағы үшеуі осы айдың соңына дейін жөнделіп бітеді. Ең үлкен залал келген сот ғимараты бастан аяқ жөнделіп жатыр.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу