Жетісайда толассыз жаңбыр жауып, көшелерді су басты
Түркістан облысы, Жетісай ауданында үш күн бойы толассыз жаңбыр жауып, көшелерді су басты. Нөсер жауынның кесірінен үйлердің аулалары да кілкіген суға толды. Ауданда төтенше жағдайдың алдын алу бойынша шұғыл комиссия құрылды. Қазір өрт сөндіру бөлімінің мамандары мен коммуналдық шаруашылық қызметкерлері мотопомпалар арқылы тәулік бойы су сорып жатыр. Жедел желі іске қосылып, аулаларын су басқандарға көмек көрсетілуде. Ауданда соңғы жылдары бірқатар дренаж істен шығып, жаңбыр суы жерге сіңбей, тұрғындарды әбігерге салып келеді.
Шынболат Анаров, Асықата кентінің тұрғыны:
Кеше қатты жаңбырдан есіктің алдының бәрі су болды. Түнімен әкімшілік тарапынан ұйымдастырып беріп жатыр, рахмет. Таңға дейін суды сатыр мотопомпамен тартты. Тағы міне екі-үш сағаттың көлемі болды, суды әлі тартып жатыр. Судың деңгейі мынандай, жылда осылай жаңбыр жауса су басып кетеді.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05