Ресейге салынған санкциялар елімізде қарақұмық пен күнбағыс майы секілді тауарлардың арзандауына әсер етуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейге салынған санкциялар елімізде қарақұмық пен күнбағыс майы секілді тауарлардың арзандауына әсер етуі мүмкін

11.03.2022

Ал Ресейге салынған санкциялар елімізде қарақұмық пен күнбағыс майы секілді тауарлардың арзандауына әсер етуі мүмкін. Қазір бұл азық-түлік түрлері шикізат тапшылығынан қымбаттап кеткен. Ал Ресей санкциялардың кесірінен біраз нарықтан қағылды. Сол үшін тауарын орталық азияға әсіресе Қазақстанға өткізуге тырысады дейді кәсіпкерлер. Сұраныстан ұсыныс көп болса, баға арзандайтыны нарық заңы. Осы тұста сарапшылар отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін айтып отыр. Өйткені елімізде ресейлік тауарлар қаптаса, отандық өндіріске зиян келтіреді дейді. Яғни кәсіпкерлер бәсекелестікке дайын болуы керек.  

Досжан Маратұлы 

Хабарламаларға жазылу