Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден азық-түлік экспортына тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден азық-түлік экспортына тыйым салынды

13.04.2020

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге кей азық-түлік түрлерін, нақтырақ айтсақ, қант, картоп, пияз, күнбағыс майы, қарақұмық, ұн, тары, жарманы үшінші елдерге экспорттауға тыйым салынды. Экономикалық комиссия қабылдаған құжатқа сай шектеу 30- маусымға дейін жалғасады. Сонымен қатар, тез бұзылатын өнімдерге бұдан былай 6 айда бір рет сериялық сертификат беріледі. Бұл одаққа мүше елдерге өнімді экспорттау кезінде тауар құжатын алуға жұмсалатын уақыт пен қаржылай шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Алдағы аптада одақ аясында құжат бекітілмек. Тараптар арасында келіссөздер ойдағыдай аяқталса, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың импорты үшін «жасыл дәліз» құрылады. Қиын-қыстау кезеңде шығынға ұшыраған кәсіпкерлер кедендік баж салығынан босатылады.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу