Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

11.03.2022

Мемлекет басшысы Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Ол Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық, Мұхтар Әуезовтің 130 жылдық мерейтойлары аясында халықаралық ұйымдармен бірлесіп, жоғары деңгейде өткізілетін іс-шаралар жайлы айтты. Бұдан бөлек «Түркі әлемі атласы» мен бес мың жылдық антропологиялық тарихымызды баяндайтын кітаптар таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев академияның бастамаларына жоғары баға беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу