Елімізде үйге мұқтаж кез келген азамат баспана кезегіне тұра алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде үйге мұқтаж кез келген азамат баспана кезегіне тұра алады

11.03.2022

Үйге мұқтаж кез келген азамат баспана кезегіне тұра алады. Мәжілісте арнайы заң жобасын таныстырған Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі осылай деді. Еркебұлан Дауылбаевтың сөзінше, жаңа баспанадан дәмелілердің белгілі бір санатта болуы шарт емес. Тек, соңғы 10 жылда үйі болмауы тиіс. Ал, «Отбасы банкі» Ұлттық даму институты болып қайта құрылады. Осы ретте банк екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығарылады. Азаматтарды тұрғын үйге есепке алып-қоюды және оны бөлуді орталақтандырып жүзеге асырады. Яғни, қаржылық операциялардан бөлек халықты үймен қамтуды толық өз міндетіне алмақ. Ал, баспана алуда қолданыстағы жеңілдіктер мен басымдықтар қайта қаралады. Құжат әлі қоғамдық талқылаудан өтеді.

Еркебұлан Дауылбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

Қазіргі таңда бізге кезекке қою, тұрғын үй мәселесін беру барлығы атқарушы органдардың құзырында босла, жаңа заңда біз жаңа механизм ұсынып отырмыз. Ол кезектіліктің барлығын электронды түрде, автоматтандырылған түрде «Отбасы банк»-тің құзырына бергелі отырмыз. Яғни бір жерден азаматтар өзіне тиісті мемлекеттік қызметті алуғамүмкіндікті алады.


Хабарламаларға жазылу