Украинадағы жағдай: Қоршауда қалған Мариуполь қаласында жағдай күрделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы жағдай: Қоршауда қалған Мариуполь қаласында жағдай күрделі

11.03.2022

Украинада әскери қақтығыс жалғасып жатыр. Спутниктен түсірілген суреттерден Киев түбіндегі ресейлік күштер қайта орналасып жатқанын көруге болады. «Рейтердің» дерегінше, бұл қалаға түрлі бағыттан басып кірудің жаңа әрекетінің белгісі. Бұған дейін АҚШ қорғаныс министрлігі Ресей әскерінің алдыңғы легі Киевтен 15 шақырым қашықтықта тұрғанын мәлімдеген еді. Ал қоршаудағы Мариупольде жағдай күрделі. Тұрғындарға су, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізу мүмкін болмай жатыр. Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, бейсенбіде Сумы, Тростянец, Краснополье, Ирпень тәрізді 7 қаладан 40 мыңдай адам эвакуацияланған. Ресей тарапы бүгін де «тыныштық режимін» сақтауға уәде берді. Тағы бір сөзінде Зеленский Украина жерінде химиялық немесе өзге де жаппай қырып-жою қаруының бірде-бір түрі жасалмағанын айтты.

Бұған дейін Ресей Украина АҚШ-пен бірлесіп биологиялық қару зертханасын құрды деп мәлімдеген еді. Мәскеудің бастамасымен бұл мәселе бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу