Ақтау порты транзиттік жүк ағымын арттыруға дайын
Экспортқа тауар шығаратын отандық компаниялардан Ақтау теңіз сауда порты арқылы жүк тасымалдауға сұраныс артқан. Осыған орай жедел жоспар құрылды. Мәселені бұған дейін де жұмыс істеп тұрған «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» арқылы шешу тиімді болмақ. Сондықтан бірқатар мүдделі елдердің көлік әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізілуде. Қазір Ақтау портының жүктемесі шамамен 18-20 пайыз. Жоспарланған жүктер еш кедергісіз өткізілуде. Қытайдан Еуропа мен Түркияға жеткізілетін транзиттік контейнерлер тасымалданып жатыр. Экспорттық компаниялардың да жүктері порт арқылы өтуде.
Абай Түрікпенбаев, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ басқарма басшысы:
Біз бұл жұмыстарға дайынбыз. Қазір аталған бағыт бойынша, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Түркия елдерінің теміржол әкімшіліктерімен, Баку және Грузияның порттарымен, тасымалдаушы компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Нәтижесінде жүктерді толықтай өткізуге мүмкіндік болады. Бірақ оған уақыт қажет.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01