Айнұр Карбозова: 12 мың «Болашақ» түлектерінің тең жартысы әйел азаматтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айнұр Карбозова: 12 мың «Болашақ» түлектерінің тең жартысы әйел азаматтар

05.03.2022

Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ Гуманитарлық-заң университеті мен «Болашақ» қауымдастығы бірлесіп, ел дамуындағы әйелдердің мүмкіндіктері атты форум өткізді. Жиында әйелдер әлеуеті мен еңбек нарығындағы бәсекелестігі сондай-ақ әлемдік үрдістер үдерісі талқыланды. Гендерлік саясатта еліміз соңғы жылдары елеулі ілгерілеп, теңсіздік индексін 60 пайызға төмендетті. Сонымен қатар, Парламент пен жергілікті өкілетті органдарға 30 пайыздық квота енгізді. Ендігі ретте мемлекеттік компаниялардағы әйел жетекшілердің үлес салмағын 30 пайызға жеткізу мәселесі қаралады.

Айнұр Карбозова, М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің басқарма төрағасының орынбасары:
12 мың «Болашақ» түлектерінің де тең жартысы әйел азаматтар. Олар әр салада қазір ел игілігіне қызмет етуде. Осы «Болашақ» түлектерінң қаншалықты басқаруда соның ішінде шешім қабылдау деңгейінде тиісті дәрежеде тартылып жатыр ма, болмаса оларды тарту деңгейін заңнамалық тұрғыдан, операциондық тұрғыдан қандай ұсыныс бере аламыз. Бүгін сол мәселелерді талқыға саламыз. 



Хабарламаларға жазылу