«Әр қазақ менің жалғызым»: Қантардағы қайғылы оқиға – жырақта, Украинада жүрген замандастың да бірлігін бекем ете түсті. Бір мезетте үш жүз елу адам тіркелген интернет чат үлкен бір қайырымдылық жәрмеңкесіне арналды. Украинадағы ең ірі қазақ диаспорасы еліне ұша алмай қандастарды қабылдап, ыстық тамақ пен жатын орын ұсынды. Киевтен Аида Әбілдің материалына назар аударайық.