Қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялардың әсері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялардың әсері талқыланды

05.03.2022
Қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялардың әсері талқыланды

Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Онда:

- «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық ахуалды жақсартудағы рөлі;

- Қаржы орталығының қазіргі жай-күйі;

- Қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялар топтамасының ықтимал әсері мәселелері талқыланды.

«Бүгінгі таңда «Астана» халықаралық қаржы орталығы экожүйесінде 1200 компания тіркелген, ресейлік компаниялар саны 5%-дан аспайды. Орталық бірқалыпты жұмыс қарқынын сақтап отыр. Қатысушылардың кету жағдайы байқалмайды», - деді «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарушысы Қайрат Келімбетов.

ҚР Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне халықаралық салық салу мәселесін қосымша пысықтау тапсырылды.


Хабарламаларға жазылу