Бизнеске қолдау: Ақша елге қайтарылса, рақымшылық жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнеске қолдау: Ақша елге қайтарылса, рақымшылық жасалады

23.06.2022

Елде жұмысы тоқтаған кәсіпорындардың нарықтан тез арада шығуы үшін енді банкроттық рәсімдер жеңілдейді. Ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов осылай дейді. Сонымен бірге офшорлық аймақтағы қазақстандық компаниялар Астана халықаралық қаржы орталығының құзіретіне ауыстырылады. Егер оның ақшасы ел экономикасына қайтарылған жағдайда, оларға рақымшылық жасалады. Бұл экономиканың инвестициялық әлеуетін күшейту үшін іске асырылады. Қазақстандық қор нарығына инвестиция тартуға да басымдық беріледі.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу